
12 апреля, 2024
КІТАП КӨРМЕСІ, ӘҢГІМЕ:»КОСМОНАВТИКА УАҚЫТЫ»
Космонавтика күніне орай кітапханада кітап көрмесі дайындалып, ғарышты алғашқы бағындырушылар туралы әңгіме өткізілді. Оқушылар алғашқы ғарышкерлер туралы «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы, алғашқы ғарыштық зымыранды жасаушылар туралы сұрақтарға жауап берді. Ғарыштан түсірілген планеталардың фотосуреттері мен кескіндерді қызығушылықпен қарады.