
«JULDYZAI-24»
6000-нан астам бала қатысқан «JULDYZAI-24» Фестиваль-байқауы аяқталды. Республикалық конкурстық іріктеуге еліміздің 20 өңірінен 2150-ден астам балалар мен жасөспірімдерден 585 өтінім түсті. 218 қатысушы 1, 2, 3 орынға ие болып, «JULDYZAI-24» Республикалық фестивалінің лауреаттары атанды. Олардың ішінде Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 арнайы кешені балабақша-мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері ұжымдық жест-ишара орындау номинациясы бойынша 3 орынды жеңіп алды. Бұл оларға елордада, Астана қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге өтетін қорытынды гала — концертке қатысуға мүмкіндік береді. Павлодар облысы мен №1 мектеп-интернатының атынан 5б сынып оқушылары Артур Пилипенко, Дария Әділбай, София Платонова қатысады.