
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАРЫС. 1-күн. Алматы қаласы
12 мамырда Алматы қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Облыс құрамасында 21 спортшы бар. Оның ішінде біздің мектептің 16 оқушысы және әртүрлі жылдардағы 5 мектеп түлектері бар. Чемпионат екі санатта өтеді: ересектер (16 жастан асқан) және жасөспірімдер (16 жасқа толмаған). Бірінші күні 400 метрлік аралас 4 эстафетада біздің жасөспірімдер бірінші орынды иеленді. Команда үшін Шегебаева Ламина, Тұрсынбаев Асхат, Ктапиянова Жасмин, Абдуллаев Ілияс жүгірді. Бұл орайда ересектер екінші болды (Рахымтай Берік, Порубай Максим, Тайлақова Айдана және Еркінқызы Мәдина). Сол күні ересектер 100 метр бойынша 4 эстафетада күміспен марапатталды (Гизатуллин Салават, Гараев Ильнар, Елубай Жанболат және Ризаев Данияр). Асхат Тұрсынбаев 400 метрге жүгіруде команданың қоржынына күміс қосты. 4 эстафетада қоланы Ермолаев Егор (100 м), Шайхисламова Лашын (100 м) және Ризаев Данияр (жүгіруден ұзындыққа секіру) жеңіп алды.