
30 апреля, 2024
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында №1-мектеп-интернатта «Бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының: шешен-ингуш, еврей, әзірбайжан этномәдени бірлестігі өкілдері шақырылды. Шығармашылық нөмірлерімен «Вайнах», «Мазаль»хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетті. Сондай-ақ, мектеп оқушылары көрермендер мен қонақтарды әндерді жестеу-ишарамен орындау, сайқымазақ, ұлттық билер түріндегі жарқын нөмірлермен қуантты. Мерекеге қатысқандардың бәрі күлкімен, жақсы көңіл-күй зарядымен қамтамасыз етілді!