
24 апреля, 2024
БАЛАЛАР ҚЫЗМЕТІ
«Жұлдыз» балалар қызметінің отырысында жоспарға сәйкес мектеп оқулықтарын сақтау бойынша рейд жүргізу туралы шешім қабылданды. Мұқабалардың болуы, оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Рейд қорытындысы көрсеткендей, оқушылар оқулықтарды жақсы жағдайда ұстайды, оларға ұқыпты қарайды.Тексеруді «Жұлдыз» балалар қызметінің мүшелері, кітапханашы: Б. А. Нурғалиева, аға тәлімгер Г. К. Ибрагимова жүргізді