
24 мая, 2024
БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Бастауыш сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаты да Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Балалар арасында оқу жылының қорытындысы шығарылып, басты сәттері атап өтілді. Жазғы кезеңге арналған мақсаттар анықталды. Тәрбиеленушілердің ата-аналары белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, қажетті кеңес ала алды. Сондай-ақ, оқуда, спортта, мектеп өмірінде ерекше көзге түскен оқушылар Құрмет грамоталарымен марапатталды.