
DEAF ТРАЕКТОРИЯСЫ
«№1 арнайы кешен балабақша — мектеп-интернаты» КММ оқушылары «Deaf траекториясы» есту қабілеті бұзылған білім алушылар арасында халықаралық қатысумен Бүкілресейлік пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада «Мектепке дейінгі білім беру ұйымы – жалпы білім беру ұйымы-орта кәсіптік білім беру ұйымы – жоғары білім беруді ұйымдастыру» кешенінде білім беру бағдарламаларының сабақтастығын дамыту және жетілдіру, саңырау және нашар еститін білім алушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және кәсіптік бағдар беру, әлеуметтік интеграциялану мәселелерін шешудің бір аспектісі ретінде есту қабілеті бұзылған білім алушылардың білім беру және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында өткізілді,.
Олимпиадаға мектеп бітіру алдындағы 8-9 — сынып оқушылары (саңырау және нашар еститін оқушылар) қатысты:
Гизатуллин Салават, Ибраева Амина, Филиппов Дмитрий, Елюбаева Жасмин, Кулишов Дмитрий.
Олимпиада 2024 жылдың 28-29 наурызында (BigBlueButton бұлтты платформасына қосылу арқылы DiSpace «НГТУ» — дағы ФГБОУ ресми платформасында қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып)аралас форматта өтті.
2024 жылғы 28 наурызда орыс тілі мен сөйлеуді дамыту бойынша олимпиаданың ашылуы және конкурстық сынақтар өткізілді, 2024 жылғы 29 наурызда білімпаздар конкурсы және олимпиаданың жабылуы болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша білімпаздар байқауында 1 орынды Салават Гизатуллин, 3 орынды Жасмин Елюбаева иеленді.