
20 мая, 2024
Емтихандар
13 мамырда №2 оқу-өндірістік комбинатында тігінші мамандығы бойынша «Тігін ісі» бейінді тобында біліктілік бітіру емтиханы өтті.
«№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ-нің 10 — сынып оқушылары (қыздар) екі жылға созылған ОӨК-де өз оқуларының мәресіне шықты.
Емтихан кәсіби құзыреттілікті тәуелсіз сертификаттау элементтерімен өткізілді.
Қыздар «тігінші» мамандығына қойылатын біліктілік талаптары деңгейінде тігін бұйымдарын дайындауда өз шеберліктерін көрсетті, емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап берді, осылайша қорытынды емтиханды сәтті тапсырды. Алған білімдерінің арқасында оқушылар осы бағыт бойынша оқуын жалғастыру үшін колледжге түсуге дайын.