
1 марта, 2024
ӨҢІРАРАЛЫҚ СЕМИНАР
2024 жылғы 1 наурыз күні «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп — интернат» КММ ұйымдастыруымен «Оқу – тәрбие процесі жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қарым-қатынас құралы ретінде ауызша сөйлеуді дамыту және түзету тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында өңіраралық семинар өтті. Іс-шараға Павлодар және Қостанай қалаларының педагогтары, мамандары, білім беру мекемелерінің ата-аналары қатысты. Семинар барысында әріптестер жұмыс тәжірибесімен алмасып, ашық сабақтар мен оқу зертханаларына қатыса алды.