
30 апреля, 2024
КІТАП КӨРМЕСІ, ӘҢГІМЕ: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДОСТЫҒЫ»
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кітапханада мерекеге арналған кітап көрмесінің жанында әңгіме өткізілді. Оқушылар мамыр мерекесінің тарихын біліп, көрмедегі кітап, журналдармен танысып, достық пен бейбітшілік туралы өлеңдер оқыды. Соңында оқушылар достық, бейбітшілік және келісім туралы мақал-мәтелдер байқауына қатысты.