
5 сентября, 2024
КІТАПХАНА САБАҒЫ: «ТІЛ ТАҒДЫРЫ-ЕЛ ТАҒДЫРЫ»
Қазақстан халқы тілі күні кітапханаға барлық сынып оқушылары келді. Оқушылар мемлекеттік тілдің зор мәнділігі мен маңыздылығы туралы әңгімені тыңдап, жыл бойы жаңартылып жатқан кітап көрмесімен танысты. Жоғары сынып оқушылары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдерінен үзінділер оқыды. Орта сынып оқушылары достық пен еңбек туралы мақал-мәтелдерді айтты.