
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
3 мамыр күні Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім басқармасының «№1арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ базасында «Арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында педагогтар оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы даму ерекшеліктері бар білім алушыларды тәрбиелеу іс-әрекетінде зерттеуді іске асыру тәжірибесімен алмасты. №1 мектеп-интернат педагогтары А.А.Сыздыкова, А.В. Швайко, З.Д. Онгербаева, Н.Н. Болибок, В.В. Серебряков және мектеп қонақтары Б.С. Барамбаева, С.В. Городничева баяндамалар жасады.Сондай-ақ семинар қонақтары дефектолог Д.Ж. Жетписова, қазақ тілі мұғалімі С.А. Абуова, тәрбиешілер Б.Ш. Ермекбаева, А.А. Сыздықова, З.Д. Онгербаева, В.В. Серебряковтың ашық сабақтарына қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға куәліктер табысталды.