
СӘН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
№1 мектеп-интернат оқушылары «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Жасөспірімдер чемпионаты — Abilympics» облыстық байқауына қатысты. Байқау мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Abilympics қозғалысы аясында өтті. Қозғалысқа қатыса отырып, жасөспірімдер мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби тәуелсіздікке деген ұмтылысын арттырды және олардың кәсіби дағдыларын жетілдірді, сонымен қатар мамандықты қалыптастыру мен таңдауда алғашқы қадамдар жасады. Байқауға 10 оқушы қатысты: Nº6 АМ КММ, Nº4 АМИ КММ, Nº7 АМИ КММ, «АКБМИ Nº1» КММ, Розовка АНМ, №5 ММИ КММ. Оның ішінде 9 «А» сынып оқушылары Ли Анита жеңімпаз атанып, I орын алса, ал Мадина Еркінқызы қатысқаны үшін сертификат алды. Байқауға қатысуға дайындаған педагог А. Т. Қаржасбаеваға да сертификат табыс етілді.
Біздің қатысушылар мен тәлімгерлерімізді құттықтаймыз!!!