
4 марта, 2024
ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында №1 мектеп-интернаттың спорт залында қала мектеп-интернаттары арасында волейболдан турнир өтті. Жеребе бойынша біздің қыздар қатарынан екі ойын ойнауға мәжбүр болды. №7 интернатты 2:1 есебімен жеңуден бастадық. Келесі қарсыластарымыз, №4 мектеп-интернаттан бірінші кезекте жеңіп, екінші кезекте ұтылдық. Шешуші үшінші сәтте қажырлы күресте шаршаудың салдарынан жеңіліс таптық. Біздің мұғалімдер бар күш жігерлерін салып, жарқын көңіл — күймен шықты!
Қызықты ойын үшін @mektep_internet_pvl @ami_4_pavlodar әріптестерімізге алғыс айтамыз. Спорттық форматта кездесу өте жақсы болды, онда әркім жаңа қырынан көріне білді.