
20 февраля, 2024
ЖҮЗУДЕН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ
2024 жылғы19 ақпанда Павлодар қаласында даму ерекшеліктері бар адамдар арасында жүзуден облыстың ашық чемпионат өтті. Оған 10 мен 70 жас аралығындағы 60 жүзуші қатысты. «Шымыр» бассейнінде өткен облыстың ашық чемпионатында 9″А» сынып оқушысы Анастасия Ананьева белсенді қатысып, өз санатында 50 метрге жүзуде үздік нәтиже көрсетіп, Настя I орынды жеңіп алды. Жарысқа Екібастұз және Ақсу қалаларының командалары да қатысты.
Настяға одан әрі сәттілік пен жеңістер тілейміз!