
5 сентября, 2024
ЖАЛПЫ МЕКТЕПТІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
5 қыркүйекте «Отбасы және мектеп бір бағытта» тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Хажмуратовна Хасанова сөз сөйлеп, ата-аналар комитетін құру, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы, ыстық тамақ, үйірме жұмысы мәселелерін ашты. Сондай-ақ ата-аналарды мектеп пен балалардың өміріне белсенді қатысуға шақырды.