
2 февраля, 2024
ДЕФЕКТОЛОГ-МҰҒАЛІМНІҢ АШЫҚ САБАҒЫ
Дефектолог-мұғалім А. Т. Жексенованың «Қыстайтын құстар. С-З Дифференциациясы» «Шығармашылық және шеберлік» онкүндігінің қорытынды сабағы болды. Сабақта мұғалім әртүрлі әдістерді, соның ішінде «Ақылды айна. Artikme» заманауи, жаңа жабдықтардың тапсырмалары мен жаттығуларын қолданды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» Қайырымдылық бағдарламасының арқасында Kazdidac қолдауымен №1 мектеп-интернат кабинеттерінде түзету жұмыстарына көмектесетін және балалардың қызығушылығын тудыратын заманауи жабдықтар пайда болды.