
5 марта, 2024
КӨКТЕМ КАФЕСІ
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында біздің 4-10 сыныптың сұлу оқушы қыздарымыз үшін ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Әдемі қыздарымыз «Көктем» кафесіне барды, онда барлық тапсырыстарды ер балалар шығармашылық нөмірлер түрінде орындады. Нәзік жанды қыздарымыздың өзі де белсене қатысты. Залдағы ахуал жайлы және көңілді болды. Біздің оқушылар мерекеге өте риза болды. Оларға оқуда үлкен табыс және зор денсаулық тілейміз! Олардың күлкілері бізді әрқашан қуантсын!