
КӘСІБИ ӨСУ АЛАҢЫ
Оқу жылы бойы «№1 арнайы кешен балабақша – мектеп – интернаты» КММ әртүрлі бағыттар бойынша мұғалімдердің педагогикалық қызметін дамытуды қамтамасыз ететін практикалық алаң болды. «Өрлеу» БАҰО – мен бірлесіп №1 мектеп-интернатында біліктілікті арттыру курстарында оқитын жалпы білім беретін, арнайы мектептердің мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдауды іске асыру шеңберінде бірнеше рет семинарлар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар қатысушыларға инклюзивті білім беру саласында тәжірибе алмасуға және жаңа білім алуға мүмкіндік берді. Семинарлар мамандардың жұмысын көрнекі түрде көруге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетудің озық тәжірибелерін, проблемаларын және инновациялық стратегияларын талқылауға мүмкіндік береді.
іс-шаралар барысында қала мен ауылдық округтерден келген бірнеше ондаған мұғалімдер арнайы білім беру саласындағы білімдерінің деңгейін арттырып, даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеудің нақты әдістері мен тәсілдерімен жақынырақ таныса алды.