
28 июля, 2025
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС МЕРЗІМІ
Қазақстанның Білім Министрлігі:
оқушылар үшін оқу және демалыс мерзімі анықталды
- Қазақстан Республикасының Білім министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025 — 2026 оқу жылының басталу күндерін, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін белгіледі.
- Оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілетін күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.
_ Бірінші тоқсанда оқуға 8 апта беріледі.
Күзгі демалыс 27 қазаннан 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнге созылады.
Екінші тоқсанда-8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін қоса алғанда 10 күнтізбелік күнді құрайды.
Бірінші сыныптарда қосымша демалыс 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды. - Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.
Көктемгі демалыс 19 дан 11 күнтізбелік күнді құрайды
2026 жылғы 29 наурызды қоса алғанда.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады
2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.