
ТҮЛЕКТЕР ҚУАНТАДЫ
Жақында Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен сурдотаэквандодан әлем чемпионатында №1 мектеп-интернат түлектері олжалы оралды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты спортшылардың қатарында Павлодардың ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғаған біздің балалар да болды. Бұлар Арлан Жантемиров, Константин Небельцов, Тимур Кулесов және Виктория Протопопова. Жарысқа әлемнің 20 елінен барлығы 195 спортшы қатысты.
74 келі салмақ дәрежесіне қатысқан Арлан Жантемиров Тайбэй мен Германиядан келген екі спортшыны жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Ал Константин Небельцов 63 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Тимур Кулесов пен Виктория Протопопова ширек финалда қарсыласынан жеңіліп, өкінішке орай жүлдесіз қалды. Бірақ екеуі де халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері екенін атап өткен жөн. Тимур 2015 жылғы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, ал Виктория 2017 жылы үздік бестікке кірді.
Арлан мен Константин де халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алады, — дейді жаттықтырушы.
Түлектерімізді құттықтаймыз, осындай үлкен жетістіктермен мақтанамыз.