
ҮЗДІК ТӘРБИЕШІЛЕР
29 сәуірде Инновациялық орталықта «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогы» республикалық байқауының II кезеңі болды.
Байқаудың II кезеңіне «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» тәрбиешісі Ермекбаева Ботагөз Шапиқызы мен дефектолог-мұғалім Краснощёкова Евгения Валерьевна өтті. Конкурста педагогтар өздерінің педагогикалық тәжірибелерін цифрлық түрде ұсынды, әрқайсысы қазылар алқасын өзін-өзі тәрбиелеу тақырыбымен, әдістемелік құралдарымен, кәсіби әзірлемелерімен таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша Краснощёкова Евгения Валерьевна «ППҚ үздік педагогы» номинациясында II орын, ал
Ермекбаева Ботагөз Шапиқызы «Арнайы ұйымның үздік тәрбиешісі» номинациясы бойынша II орын алды.
Әріптестерімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз, одан әрі жетістіктер тілейміз!!!